«Бұзауын соңынан ерткен сиырдай»: Меруерт Түсіпбаева әріптестерін сынады

Qaz365.kz редакциясы

Ол тойларға мобилографпен келетін өнер иелерінің әрекетіне шүйлікті. 

instagram.com/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева қай кезде де жанынан мобилограф тастамайтын әріптестерін сынады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұзауын соңынан ерткен сиырдай мобилографты жанынан бір елі қалдырмай, дәретханаға барғанынан басқасының бәрін түсіріп, желіге салатындарды өз басым түсінбей өтермін… Ана жолы бір танымал адамның ұлының тойында ұйымдастырушы ивент қызметкерлері кәдімгідей тойхана есігінде тұрып алып, мобилографтарды кіргізбей, «үстінде сіздерге арнайы дастархан жайылды» деп айтып жатқанын құлағым шалып қалды. Сол дұрыс! Ондай жағдайға түсінікпен қарау керек! Тойханада әр қонақтың орны белгіленген, төленген. Тойға мүлде шақырылмаған адамның сол тойда жүруі ыңғайсыз емес пе… Соған қарамастан, көп блогер/әншілердің жанында мобилографтар еріп жүрді, дастархан басында отырды. Бұл статистика, контент деген бір бәле болды ғой… - деп жазды өнер иесі.