«Көзімнің жасы көлдей болды». Бастығын кешірген Наркенже Серікбаева мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Оның сөзінше, «иіскегісі» келген бастығы өзінен кешірім сұраған. Содан кейін филармония бастығымен татуласып, істі жапқан.

instagram.com/Наркенже Серікбаева

Республикалық және халықаралық деңгейдегі әнші-термешілер байқауларының жеңімпазы, танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева өзін кіналәған желі қолданушыларына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үш күннен бері болып жатқан жағдайлардан хабардарсыздар. Босқа жылап ұпай жинайтын мен емес. Көзімнен шыққан жас ол менің ішкі жанайқайым. Әлсіз жаратылыспын. Әлеуметтік желідегі әртүрлі айтылып жатқан сыни пікірлерді де, қолдау хаттарды да бірін қалдырмай оқып отырмын. Оқи отырып жүрегім қарс айрылардай күй кешкенім жасырын емес, - дейді Наркенже Серікбаева.

Оның сөзінше, «иіскегісі» келген бастығы өзінен кешірім сұраған. Содан кейін филармония бастығымен татуласып, істі жапқан.

«Хайп үшін», «неге аяғына дейін бармадың», «жала жаптың», «екіжүзділік» т.б деген сияқты пікірлерді де көріп көзімнің жасы көлдей болды. Мейлі. Көптің аузына қақпақ бола алмаймын. Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ бір нәрсе анық. Мен халықсыз ешкім емеспін! Елдің ішінен шықтым. Әкем де халық, анам да халық! Кеше Шымқалаға мен үшін уайымдап келген аға, әпкелерге, достарға рахмет! Тәкәппарлық қылмай, кешірім сұрап тұрса әкеңнің болса да құнын кеш деген қазақтай дана жұрттың жұрнағымыз ғой. Кісілік қылмай, кішілік танытайын дедім. Мақсатым аз қазақты алауыз қылу емес, – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясында көргені қорлығы туралы айтқан еді. Сосын бастығы екеуі татуласқанын жеткізді.