«Әлі жарқырайсың көр де тұр». Тұрсынбекпен ажырасты деген әйелін жұрт жұбатып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова алғаш рет отбасындағы қиындықтарын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ел алдында көз жасына ерік берді. Видео кадрларынан оның қатты күйзелісте екені байқалады. Бейнежазбада кадр сыртынан бір адамның Мөлдірді жұбатып, «Өмірде бәрі жақсы болады, жылама, Алла бәрін реттейді» деген сөздері естіледі. Бұл көрініс көпшіліктің жүрегін елжіретіп, әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды.

«Мынадай сөз бар ғой жаным-ау, «всем на зло» деген. Әлі жарқырайсың көр де тұр. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным, жылама, жыламашы, мені де жылатасың қазір. Ауыр болып тұр, білемін. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама», — деп айтады кадр сыртындағы адам.

Желі қолданушылары бұл видеоға қатысты сан түрлі пікір білдірді. Бірі Мөлдірге жанашырлық танытып, оның көз жасын ақтап жатса, енді бірі бұл әрекетті пиар деп қабылдаған.