«Неге соңына дейін бармадыңыз?»: Наркенже Серікбаеваның қызы пікір білдірді

Qaz365.kz редакциясы

Ол бұл жағдайдың қоғамға сабақ болғанын алға тартты. 

instagram.com/zhansayaserikbaeva__

Белгілі әнші Наркенже Серікбаеваның қызы Жансая Серікбаева соңғы күндері қоғамда қызу талқыланып жатқан оқиғаға байланысты әлеуметтік желідегі жазбасында анасына қолдау білдіріп, болған жағдайға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Иә, соңғы үш күндіктегі жағдай бәріңізді селт еткізбей қоймағаны анық. Мен анаммен әрқашан мақтанамын, бұл жолы да ерлік жасап, ешкім қозғай алмай жүрген, қоғамның басты дертін қозғады, – деп жазды Жансая.

Ол бұл жағдайдың қоғамға сабақ болғанын және түрлі пікірлер туғызғанын атап өтті.

Блогер, журналист сымақтар хайп қуалап, анамды мазаққа айналдырып жатыр, мейлі, біз қашан да мықтымыз. Бұл сынақтан да ойнап-күліп бас көтеріп өтіп кетеміз, – деді ол.

Жансая оқиға кезінде анасының кешірім беру туралы шешім қабылдағанын баяндады. Екі тарап ел ағаларының араласуымен келісімге келген.

«Неге кешірдіңіз, неге соңына дейін бармадыңыз?» дегенде, анам: «Саяш, Алладан үлкен емеспіз, үлкен басымен ел ағалары алдымызға келіп тұрғанда кешірім бермесек, біздің адамгершілігіміз қайда қалды?» деп жауап берді, - деп жазды ол.

Осылайша, тараптар ортақ шешімге келіп, жағдай бейбіт түрде аяқталған. Жансая Серікбаева бұл жағдайдың оларды бұрынғыдан да шыңдай түскенін атап өтті.