«Топаспын». Танымал әнші әлі күнге дейін үйі жоқ екенін мойындады

Qaz365.kz редакциясы

Ол баспана алатын талай мүмкіндігі болғанын алға тартты. 

Видеодан алынған кадр

«Ninety One» тобының солисі, Аlem лақап атымен танымал әнші Батырхан Мәліков әзірге үйі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі «Аiqap» подкастында қонақта болып, неліктен әлі күнге дейін баспанасы жоқ екенін түсіндірді. Әнші қаржылық сауатсыз екенін мойындап, жастарды ертерек қимылдауға шақырды.

Пәтер алатын мүмкіндік болды. Алғашқы жарнасын құйып алуға да болатын еді, Астанадан үй сатып алуға да мүмкіндік болды. Талай танысым «Отбасы банктен» шот ашып қой, ақша жинай бер, жеңіл болады» деп ақыл айтқанда тыңдаған жоқпын. Бастапқыда шот ашқанмын, бірақ дұрыстап жинамай, ақыры жауып тындым. Барлық жастар секілді мен де топаспын. Қаржылық сауаттылық деген атымен жоқ. Байып кетем де, қолма-қол ақшаға сатып аламын деген ой ғой. Өйткені баста түк жоқ. Балалы болғанда түсініп жатырмыз. Бірақ жинаған ақшаның бәрін тағы саяхатқа жаратып тастадық, - деді әнші.