Ол ішкі күйін жасыра алмайтынын, алайда өмірді қабылдауға тырысып жүргенін жеткізді.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында отбасына қатысты қауесетке алғаш рет ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Анна Мөлдірдің өзі мен күйеуі жайлы қауесет туралы сұраған. Мөлдір өз кезегінде бұл әңгімелердің шындық екенін жасырмады.
Қазір халықтан жасыратын нәрсе қалмады ғой, сөздің шыны керек. Отбасымызда болып жатқан жағдайды жігітіміздің абыройы үшін деп сабыр сақтап келіп едік. Халықтың арасына шығып кетті, - дейді Мөлдір Мұқанова.
Ол ішкі күйін жасыра алмайтынын, алайда өмірді қабылдауға тырысып жүргенін жеткізді.
Көзімде мұң бар ма? Иә, бар шығар. Бірақ бәріміз пендеміз, ет пен сүйектен жаратылдық. Ішімдегі сезім мен сыртқы бейнем әрдайым сәйкес келе бермейді. Қазір кез келген жағдайды қабылдап үйреніп келем. Бұл – өмір. «Тек менде бәрі мінсіз болуы керек» деген ой болмауы тиіс, – деді әзілкештің жұбайы.
Анна Данченко қойған: «Сіздер ресми түрде ажырастыңыздар ма?» деген сұраққа Мөлдір:
Мен бұл сұраққа жауап бермеймін деп шештім. Бәрі жақсы. Еш алаңдамаңыздар. Осы – жауабым, – деп жауап қатты ол.
Оның жанында тұрған Нұрлан Еспанов та барынша өз қолдауын білдірді.
Мөлдірге жаман нәрсе жаза бермеңіздерші. Күйініп кетуі мүмкін. Қыз баласы ғой. Қызды қолдасаңдаршы. Ол тәй-тәй басып, өнерге келіп жатыр. Ал біз аяқтан шала береміз, шала береміз, - деді әнші.
Ал журналист Анна Данченко да бұл жайтқа өз пікірін білдіріп, Мөлдірден өзі байқаған өзгерісті атады.
Мөлдір сұхбатта көзі мөлдіреп тұр, - деп жазды.