Ол мұны ескерту деп қабылдағанын айтты.
Эстрада жұлдызы Маржан Арапбаева жол апатына тап болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram Stories желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әншінің айтуынша, оқиға түн мезгілінде Астанаға бара жатқан жолда болған.
Бір Алланың сақтағаны шығар. Қиын болса да Астанаға жеттік. Трассада жол апатына түсіп, Құдайдың қалауымен дін-аман үйге жеттік. Бұл бәлкім бір сынақ немесе «сақ бол» деген белгі шығар. Өмірдің құнын тереңірек сезіндік. Аман қалғанымыз – Тәңірдің қорғаны. Сансыз шүкір, - деп жазды ол.