Ол көпшілікке тосынсый дайындаған.
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кезекті бейнежазбасымен көпшілікті елең еткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бесінші баласына аяғы ауыр өнер иесі оқырмандарына заманауи шашу шашып, қуанышты жаңалығын бөлісті.
Ұл немесе қыз деп айтатын күнге сіз де жетіңіз деген ниетпен бүгін оқырмандарыма заманауи шашу шашамын. Менің соңғы қуанышты жаңалықтарым сіздерге де жұғысты болсын, – деп жазды ол.
Алайда бейнежазбаның басты жаңалығы – Жұлдыз оқырмандарына 1 миллион теңге көлемінде сый ұсынатыны болып шықты. Ол арнайы ұтыс ұйымдастырып, қатысушылардың біріне қомақты қаржы табыстамақ.