Ол бес жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Белгілі вайнер және әзілкеш Мейірхан Шерниязов түрмеден босатылды. Бұл туралы видео Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кадрларда оның сөмкесін көтеріп, ғимараттан шыққаны және жақындары мен әріптестері қарсы алғаны көрсетілген. Сондай-ақ, ол мешітке барған.
Ал әзірге Мейіржан Төребаевтың босатылғаны туралы ресми ақпарат жоқ. Ол бейнежазбада көрінбейді.
Еске салсақ, 2023 жылдың маусымында Шерниязов пен Төребаев қаржылық пирамида құрды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл іске қатысты басқа тұлғалар 8 жылдан 14 жылға дейін жаза алды. Келтірілген шығын көлемі 814 млн теңгені, ал мемлекеттік баж – 8 млн теңгені құрады.
2023 жылдың қазан айында екі вайнер Павлодардан Алматыға ауыстырылған еді. Желтоқсанда ҚАЖК олар жұмыспен қамтылғанын хабарлаған.