«Ұлды болады». Блогер Елдос «Колобок» гендер-пати жасап, көпшілікті қуантты

Qaz365.kz редакциясы

Блогер шаңырақ көтергеніне 10 жылдан асса да, сәби сүйе алмай жүрген еді.

Әлеуметтік желі

Әзілкеш, асаба, қалың көпшілікке «Колобок» деген лақап атпен танымал Елдос Кәдірханов қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогер шаңырақ көтергеніне 10 жылдан асса да, сәби сүйе алмай жүрген еді. Сол арманы орындалып, ол гендер-пати жасады.

Сүйінші, қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз, - деп жазды ол.

Видео кадрларынан блогердің ұлды болатынын байқауға болады. Желіге салынғанына үш сағат толмаса да аталмыш пост 600 мың астам адам лайк басып үлгерген.

Ол биыл қыста Түркияда бедеулікке қарсы операцияның қалай жасаған болатын.

Түркияда ота 20-30 минут қана жасалатын. Ал Астанада ота 3,5 сағат жасалды. Дәрігерлер үмітін үзіп жатқан екен. Хирургтың айтуынша, ең маңызды тұсы бітеліп қалған екен. Ота жасаған дәрігер дәл сол тұсты кесетін әдісті қолданбайтынбыз, оны ұмытып кеткенбіз дейді. Сол әдіске қажетті бір құралын қасындағы көмекшілерінен сұраса, оны тіпті дайындамаған да екен. Соны әкелгеннен кейін жаңағы жабысып тұрған жерді кесіп жібергенде бір дауыс шығып, артынша бұлақ болып ақты дейді. Соны алып, эмбриологқа бергенде ішінде жыбырлап жүргендерін көрген. Ондай менде мүлдем болмаған,- деген еді блогер.