Елдос «Колобок» анасының неге тұрмысқа шықпағанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол өзі де қарсы болғанын алға тартты. 

instagram.com/ eldos_kalabok

Белгілі әзілкеш әрі блогер Елдос «Колобок» анасының не себепті тұрмыс құрмағаны туралы алғаш рет ашық әңгімеледі, деп жазады Qaz365.kz.

Оның айтуынша, анасы ешқашан «тұрмысқа шығамын» деген ойын білдірмеген.

Анам өмірінде бір рет те «мен күйеуге шығамын» деген жоқ. Біз бала кезде өте бұзық болдық. Сол кезде кейбір туыстар: «Бұларды балалар үйіне тапсырып, өзің жеке өміріңді құрсаңшы» деп бетімізге тік айтатын. Бірақ біз анамызды ешкімге қимайтынбыз. Айдаладағы біреуге қосылады деген ойдың өзі ауыр еді. Мен де рұқсат бермедім, – дейді ол.

Елдостың айтуынша, бұл шешімі ата-анаға деген шынайы сүйіспеншіліктен туған.

Әкем біз үшін өз өмірін құрбан етті, ал анам бар өмірін бізге арнады. Ол өзі де ештеңе талап етпеді, туыстар да оған «міне, мына кісіге тұрмысқа шық» деп бір адамды алып келген емес, – деп түйіндеді әзілкеш.