Қарақат Әбілдинаның жаңа кітабы жарық көрді

Qaz365.kz редакциясы

Ол арманына қол жеткізгенін айтты. 

instagram.com/karakat_a

Белгілі әнші, халықтың сүйікті өнер иесі Қарақат Әбілдина өзінің жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын жарыққа шығарып, көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабымен орындалатын әндерге арналған тұңғыш кітап. Онда Қарақат Әбілдинаның көне аспаппен орындаған 32 әнінің мәтіні, нотасы және QR-код арқылы тыңдауға болатын аудионұсқасы берілген.

Бұл кітап – жетігенде ойнап үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәні мұғалімдеріне таптырмас құрал болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, сонымен қатар қазақ руханиятына қосқан титтей үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті, – деп бөлісті қуанышымен әнші.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының танымал өкілдері, ұлттық өнерді қолдаушылар қатысты.