Әнші финалда «Вечность» әнін орындап, қазылар мен көрермендердің ықыласына бөленді.
Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева Витебскте өткен «Славян базары – 2025» халықаралық байқауында 137 ұпаймен Гран-при иегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әнші финалда «Вечность» әнін орындап, қазылар мен көрермендердің ықыласына бөленді.
XXXIV Халықаралық «Витебск-2025» эстрадалық ән орындаушылары байқауында бірінші орын беларусиялық Валерия Бернатовичке бұйырса, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Ал үшінші орынды ресейлік Эрик Ахметов пен қырғызстандық Рыскелді Сарбеков иеленді.
Алмагүл Батталиева конкурстан кейін жергілікті БЕЛТА тілшісіне әсерін бөліскен.
Мен әлі де жеңіске жеткеніме сене алар емеспін. Бұл мүсіншені Қазақстанға алып кету құрметі дәл маған бұйырғанына шексіз қуаныштымын. Осы жетістікке жетуіме сегіз жылымды арнадым.Ұлттық іріктеулерден өттім, бізде бәсекелестік өте жоғары. Қазақ халқының бойында әншілік қасиет бар, және мұнда келген әрбір адам ешқашан марапатсыз қайтқан емес. Бұл – үлкен мәртебе, – деді Алмагүл.