Ерке Есмахан отбасылық суреттерін жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Еркенің айтуынша, бұл суреттер перзентханадан шыққан сәттен кейін түсірілген.

Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында өз отбасымен түскен әсерлі суреттерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кадрлардан әншінің жолдасы RaiM мен үш ұлын, соның ішінде жаңа туған нәрестені көруге болады.

Еркенің айтуынша, бұл суреттер перзентханадан шыққан сәттен кейін түсірілген.

Перзентханадан келіп, үйде естелікке түскен суреттер. Ал дәл қазір Мүслим Америкада оқуда, Ислам ата-әжесімен Оралда, Батыр қасымызда. Кішкентай жақында 1 айға толды, енді қырқынан шығуын күтіп жүрміз. Барлығына Аллаға сансыз шүкір!

Уақыттың қалай зымырап жатқанын сезесіздер ма? Бәрі көзді ашып-жұмғанша өтіп жатыр. Сондықтан әр күнді бағалап, бақытты ғұмыр кешейік. Сәулелі сәттер көп болсын, - деп жазды өнер иесі.