Димаш Құдайберген жаңа образымен елді таңғалдырды

Qaz365.kz редакциясы

Желі қолданушылары Димаштың бұл образына жоғары баға берген. 

instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемдік аренада танылған қазақ әншісі Димаш Құдайберген жаңа бейнесімен көпшілікті таңдай қақтырды. Ол түсірілім алаңында түсірілген кадрларын Instagram парақшасында жариялап, тың образын көрсетті, деп жазады Qaz365.kz.

Көпшілікке романтикалық әрі нәзік бейнелерде таныс болған Димаш бұл жолы мүлде жаңа кейіпке енді — ол темір сауыт киіп, айбынды жауынгердің бейнесін сомдаған. 16 шілдеде жарияланған фото мен видеоларда әнші қылышпен шебер жұмыс істеп, батыл да жігерлі жауынгерге айналғанын көрсетті.

Түсірілімнен сәлем, – деп қысқа ғана жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары мен жанкүйерлері Димаштың бұл образына жоғары баға беріп, түрлі әсерлі пікірлер қалдыруда:

• «Алғаш көргенде сені тани алмай қалдым!»
• «Міне, нағыз жауынгер!»
• «Неткен керемет бейне! Шынайы батыр!»
• «Сөз жоқ... бәрін жүрекпен сезінеді»
• «Нағыз сымбатты жауынгер!»
• «Мына патшалыққа жазылу қайда екен?»
• «Үлкен бір жоба дайындалып жатқан сияқты. Тағы да таңғалдырдың!»
• «Саған бағынбайтын ештеңе жоқ шығар, видеоны қайта-қайта көріп отырмын...»