«Маған өлім тілейді»: Қайрат Нұртастың қызы жылап қалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол хейтерлердің сөзін ауыр қабылдайтынын айтты. 

instagram.com/kaalau__

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукарімованың ортаншы қызы Алау халықтың сынын ауыр қабылдап, жылап қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылғы 22 шілдеде блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеді. Видеода макияж жасап отырған Алау кейіннен жылай бастайды.

Жазбаның астында ол: «Неге бұлай?» деп сауал қалдырған.

Өзге елдің адамдары мені қолдап, жылы лебізін білдіреді. Ал өз елімде маған өлім тілеп, мені жек көреді. Бұл - менің өмірім. Менің бет-әлпетім. Менің стилім. Қалай өмір сүретінімді өз шешемін. Сіздер мені танымайсыздар. Көріп жүрген бейнеңіз жай ғана образ шығар, - дейді ол.

Қолданушылар қызды жұбатуға тырысқан:

«Сен кереметсің, ешқашан берілме! Алға баса бер!»

«Өз жолыңмен жүр. Сенің өзіңе тән стилің бар. Биің де керемет! Ата-анаң әрдайым жанында, солардың ақылын тыңда!»

«Еңсеңді түсірме!»

Қолдау білдірушілердің қатарында Алаудың әжесі - продюсер Гүлзира Айдарбекова да болды.

Танымал продюсер немересіне жылы сөз арнап, шоу-бизнес әлемінде мұндай жағдайлардың жиі болатынын еске салды. Оның айтуынша, ұқсас кезеңдер Қайрат Нұртастың да, өзінің де өмірінде болған.

Бұл тек басы ғана. Бар нәрсеге төзім керек. Ақ пен қара қатар жүреді. Өмір – күрес. Жаныңда сені қорғайтын, қолдайтын тамаша адамдар бар екенін ұмытпа. Бәрі жақсы болады. Мен сені жақсы көремін! - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.