Ол жүректен шыққан әннің жүрекке жететініне сенетінін айтты.
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әншілікке ден қойған тәрізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Көпшілікке кәсіпкер әрі көп балалы ана ретінде танымал Мөлдір Instagram парақшасында танымал әнші Қайрат Нұртаспен бірге дуэт жазуға дайындалып жатқанын жариялап, оқырманрын таңғалдырды.
Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға дайындалып жатырмын… Иә, өзім де сене алмай тұрмын, – деп жазды ол.
Мөлдір Мұқанова бұған дейін ана, жар, кәсіпкер рөлдерін атқарып келгенін атап өтіп, енді жүрегіне жақын өнер жолында өзін сынап көруге дайын екенін білдірді.
Өмірде әртүрлі рөлдерде болдым: ана, жар, кәсіпкер... Енді өнерімді бөлісетін кез келді, – дейді ол.
Жаңа жобаның әлі бастапқы кезеңде екенін айтқан Мөлдір оқырмандарынан жан-жақты қолдау сұрап, дуэттің қандай жанрда болғанын қалайтындарын да білгісі келетінін жеткізді:
Қайрат Нұртас пен Мөлдір Мұқан дуэті қандай болады деп ойлайсыздар? Қай жанрда тыңдағыңыз келеді – махаббат туралы ма, әлде өмір туралы ма? – деп сауал тастады.
Сондай-ақ ол жүректен шыққан әннің жүрекке жететініне сенетінін айтып, тыңдармандарын алдағы жаңалықтардан қапы қалмауға шақырды.