91 тобының мүшесі Асе алғаш рет өз сүйіктісін көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Бойжеткен өзін продюсер деп көрсеткен. 

instagram.com/acetagrammy

Асе лақап атымен танымал Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын көпшілікке өзінің сүйіктісін көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі сүйіктісімен бірге түскен видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Арудың есімі – Нұрила (Шәкірова). Оның Instagram парақшасында «продюсер» деп көрсетілген.

Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді.

Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық махаббатқа толы өмір кешіңіздер. Бақытты болыңыздар!

Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты.

Танысып қойыңыздар, Нұрила, - деп жазды әнші.