Димаш Құдайберген алғаш рет Madison Square Garden сахнасында жеке концертін береді

Qaz365.kz редакциясы

Концерт 5 қазанда өтеді. 

instagram.com/kudaibergenov.dimash

2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында ТМД елдерінен шыққан әртіс алғаш рет жеке концерт өткізбек. Бұл құрметке ие болған өнерпаз – қазақстандық әнші Димаш Құдайберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Музыкалық шоу туралы ресми хабарлама 2025 жылдың 24 шілдесінде Қазақстанның халық әртісі атанған Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасында жарияланды.

Айрықша неоклассикалық стилімен танымал әнші, композитор, мультиинструменталист әрі продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласында өзінің әлемдік туры аясындағы арнайы «Stranger» бағдарламасын ұсынады, – делінген афишадағы сипаттамада.

31 жастағы композитор дүние жүзіндегі миллиондаған тыңдарманын өз өнерімен тәнті етіп келеді. Жуырда, 22 шілде күні, ол Қырғыз Республикасының «Халық әртісі» атағына ие болды.

Жанкүйерлер бұл жаңалықты қуана қабылдағанын аңғаруға болады:

«Керемет концертті асыға күтіп жүрмін! Бұл - ғаламат оқиға!»

«Әлемдік турың тамаша өтіп жатыр! Сәттілік тілейміз, Димаш!»

«Бүкіл әлемге нұрыңды шаша бер!»

«Сені осы тарихи сахнада көру үшін асығып отырмын!»

«Тоқтама, алға жүр!»

«Бұл - нағыз ғажайып!»

«Димаш, қуаныштымыз. Концертің сәтті өтсін!»