Ол ұзақ өмірдің тек дұрыс тамақтану немесе спортпен шектелмейтінін еске салды.
Белгілі тележурналист және медиатұлға Ләйлә Сұлтанқызы салауатты әрі ұзақ өмір сүру үшін күнделікті дағдыға айналдыруға болатын пайдалы әрекеттермен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Шөпшегімнің қолынан май жесем деп армандаймын. Алла қаласа! Егер мына 15 әдетті күн сайын орындасаңыз, геронтолог мамандардың айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар. Түртіп алыңыздар, өзгелерге де айтыңыздар, – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ләйлә Сұлтанқызы ұзақ өмірдің тек дұрыс тамақтану немесе спортпен шектелмейтінін, ең бастысы – жан тыныштығы мен өмір сапасын сақтау екенін атап өтті.
Мен үшін денсаулық – бірінші орында. Ұйқы тәртібін қатаң сақтаймын. Қаржылық жағдайды – табыс пен шығынды – қадағалап отырамын. Бірақ бәрі ақшаға байланысты емес. Ішкі үйлесім мен қауіпсіздік – басты құндылықтарым. Алкоголь мен темекі – табу. Таңдау әркімнің өз еркінде. Жарты жыл сайын толық тексеруден өтіп, қажет болса, дәрумендер қабылдаймын, – деді ол.