20 мыңнан астам көрермен жиналады деп күтілуде
2025 жылғы 10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концерті өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осыған байланысты қалада қоғамдық көліктің қосымша бағыттары, арнайы кіреберіс аймақтары ұйымдастырылып, автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қалалық қызметтер көрермендерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, тәртіпті сақтауды сұрайды.
20 мыңнан астам көрермен жиналады деп күтілуде. Адам ағынын тиімді үйлестіру мақсатында волонтерлер тартылып, навигация жүйесі күшейтілді. Стадион аумағында металлдетекторлар, LED-экрандар және бейнебақылау камералары орнатылды. Барлық билеттер жалғандықтың алдын алу үшін цифрлық тексерістен өтеді.
Стадионға кіруді ұйымдастыру
Ауқымды концертке байланысты Орталық стадионға кіру сағат 15:00-ден бастап ашық болады. Негізгі іс-шара сағат 19:00-де басталады.
Ұйымдастырушылар көрермендерге концерт басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын келуді ұсынады, бұл ұзын-сонар кезектің, кіреберісте адамдардың шоғырлануы мен өткелдердегі кептелістердің алдын алу үшін маңызды. Қауіпсіздік пен жайлылық – әрдайым басты назарда.
Негізгі жұлдыз сахнаға шыққанға дейін Қазақстан эстрадасының танымал орындаушыларының қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама өтеді. Олар стадионға келген алғашқы минуттардан-ақ мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Негізгі кіру аймақтары:
Стадион алдында волонтерлар бағыт-бағдар көрсету, белгілер арқылы бағдарлау және кіру үдерісін ұйымдастыру бойынша көмек көрсетеді. Стадион айналасында фуд-корттар мен ауыз су тарату пункттері жұмыс істейді.
Анықтама үшін:
Маңызды: кіру кезінде өткізу белгісін алу міндетті. Онсыз іс-шара аумағына кіруге болмайды.
Кеңес: стадион схемасымен алдын ала танысып шығу ұсынылады – бұл кіреберісте адам шоғырлануын азайтады.
Стадион маңындағы қозғалыс шектеулері
10 тамыз күні сағат 14:00-ден бастап Абай даңғылы – Байтұрсынұлы көшесі – Мұқанов көшесі – Сатпаев көшесі көшеаралық периметрде автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Бұл уақытша шектеулер іс-шараның ұйымдасқан әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.
Тегін трансфер: арнайы автобус бағыттары
Концерт қонақтарының ыңғайы үшін Алматы қаласы Орталық стадионға дейін және кері қайту бағытында тегін автобустар ұйымдастырылады.
Шаттл автобустары келесі уақыттарда жүреді:
15:00, 15:45, 16:30, 17:15 және 18:00.
Стадионға жөнелту бағыттары:
Әрбір жөнелту нүктесінде волонтерлер кезекшілік етіп, көрермендерге бағыт көрсетеді, автобустарға ұйымдасқан түрде отырғызуға көмектеседі.
Концерттен кейінгі қайту бағыттары (автобустар толығуына қарай жүреді):
Бұл шешім концерттен кейінгі қозғалысты реттеуге, қаладан ыңғайлы және қауіпсіз қайтуға мүмкіндік береді.