Шымкент төрінде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергеннің дүбірлі тойы өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Раушан Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Абай ауылына келін болып түскен. Әншінің қарындасы қазақтың салт-дәстүріне сай ақ босағасына кірерде отқа май құйған.
Айта кетейік, биыл қыста дәл осы ауданға танымал тележүргізуші Динара Сәтжан да келін болып түскен еді.
Тойда Димаш қарындасына ақжарма тілегін айтты.
Осындай азаматты тыңдаған менің қарындасым да мықты ғой. Сол себепті мұндай қуаныштарда бас қосып, араға жылдар салып Ермахан мен Раушанның тойында осындай болған еді деген естеліктерді еске түсіретін күнге жетейік, - деп тілек айтты ағасы Димаш Құдайберген.
Еске салсақ, Әнші бауыры Мансұрмен бірге Раушанға арнап «Қарлығашым, ұя салғанда…» атты жаңа ән жазған.
Айта кетейік, жас-жұбайларға тілектерін айтып, екі жақтың әулеті, өнер иелері жиналған. Салтанатты шарада Димаштың әжесі Миуа апай Раушан мен Ермаханға арнап жүрек тебірентер тілегін айтты.