«Бас сүйегінің жартысын алып тастаған»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы жұртты алаңдатып қойды

Qaz365.kz редакциясы
Әлеуметтік желі

Белгілі әзілкеш, театр жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтың әлеуметтік желіде тараған соңғы суреттері жұртшылықтың назарын аударды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.  

Театр жетекшісімен бір тойда болған қонақтар желіге онымен түскен суреттерін жүктеуде.

Оқырмандар  Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі күйіне алаңдап, түрлі пікір жазды. Суреттен әзілкештің басына ота жасатқанын байқауға болады. 

«Тұрсынбектің басына не болған?», «Басының жартысы жоқ қой», «Басына операция жасап, басы сүйегінің жартысын алып тастаған. Қыста концертіне барғанымда айтты», «Мөлдір қалайша халықты Тұрсынбек тастап кетті деп алдап жүр», «Ем болсын», - деп жазған желіде.

Сондай-ақ актердің өзі де ота жасатқаны жайлы өзі сахнада жария етті. Бұл сәт 6 шілде күні Астанада өткен концертінде айтылған, концерттің эфирі кеше 9 тамыз күні «Жібек жолы» арнасында көрсетілді.

«Жақында басыма операция жасатқанмын. Тромп болып қалып, басымның «крышкасын» алып тастады. Қазір алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын», – деп қалжыңдады Қабатов.

Көрермендер бұл сөзді ду күлкімен қарсы алды. Әзілкеш денсаулығы жақсарып, қайта сахнаға оралғанына ризашылығын білдірді.