Айжан Байзақованың інісі ажырасқанын мәлімдеді

Qaz365.kz редакциясы

Жұп 2024 жылдың көктемінде шаңырақ көтерген.

instagram.com/baizaakov

Қазақстандық блогер, танымал Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақов 2025 жылғы 12 тамызда Instagram парақшасында жұбайы Стефаниямен ажырасқанын хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Бұл тақырыпқа нүкте қойғым келеді: біз ажырастық. Бұл – екі жақтың ортақ шешімі, – деп жазды 25 жастағы блогер Stories-те.

Ол бұрынғы жарына құрметпен қарайтынын атап өтті.

Әлиханның сөзінше, «әр нәрсенің соңы бар». Сондай-ақ ол Стефанияның енді оның тегі мен отбасына еш қатысы жоқ екенін айтып, көпшілікті жағдайға түсіністікпен қарауға шақырды.

Стефанияның өзі әзірге ажырасу жайлы пікір білдірген жоқ. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол сурет және видеоларымен бөлісуді жалғастыруда. Дегенмен желі қолданушылары үш күн бұрынғы жазбасына сұрақтарды қарша боратып жатыр.

Айта кетейік, Әлихан мен Стефания 2024 жылдың көктемінде шаңырақ көтерген.