Желі қолданушылары құттықтап жатыр.
Қазақстанның танымал әншісі Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғар мен оның жары Индира сәби күтіп жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл қуанышты жаңалықты ерлі-зайыптылар Instagram парақшасында бөлісті.
Желіде жарияланған суреттерде қос жұп ақ түсті киім киіп, шаттықпен суретке түскен. Индираның жүкті екені де анық байқалады.
Біздің бақытты отбасымызға тағы бір жүрек соғысы қосылмақ. Кішкентай кереметіміз жолда, - делінген 2025 жылдың 24 тамызында жарияланған жазбада.
Желі қолданушылары бірден құттықтауларын жаудырды. Сондай-ақ жанкүйерлер Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованы да еске алды. Ол 2025 жылдың 18 тамызында бесінші баласын дүниеге әкелген еді.
Айта кетейік, Заңғар мен Индира 2023 жылдың күзіне қарай шаңырақ көтерген болатын.