«Тәубеңе келтіреді»: Сәкен Майғазиев елді алаңдатқан жазба жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Оқырмандар әншінің жағдайына алаңдап қалды

Фото: Instagram.com/@saken_maigaziyev

Белгілі әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев қонақүйдегі лифтте қалып қойғанын айтып, Instagram парақшасында жазба жариялады. Оқырмандар әншінің жағдайына алаңдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі іссапармен барған қаладағы қонақүйде күтпеген жағдайға тап болған. Әншінің айтуынша, жеделсатыда 30 минуттан астам уақыт тұрып қалған.

Майғазиев оқиғаны эмоциямен жеткізіп, ішкі ойын бөлісті.

«Әп-сәтте неше түрлі дүниелерді еске түсіреді. Тәубеңе келтіреді. Ең бастысы – ауа бар. Қызметкерлер бәрі жүгіріп жүр, Алла разы болсын. Адамның жаны қалмай, сені құтқаруға тырысқанын көргенде шүкір дейсің. Бір уақыттар келеді, ешкім ашып алуға тырыспайтын кездер де болады ғой деп ойландым…», – деді әнші.

Оқиғаны әзілге айналдырған өнерпаз:

1Қызметкерлер «қазір шығарамыз, ешқайда кетіп қалмаңыз!» дейді. Қайда кетемін? – деп жазды.

Кейін аман-есен шыққанын хабарлап:

«Баршаңызға мың алғыс! Ешқашан лифтте қалып қоймаңыздар!» – деп жұртқа алғысын білдірді.

Жазбаны оқыған жанкүйерлер әншінің амандығына қуанып, жылы лебіздерін қалдырды.

Бірі «Алла сақтаған екен» десе, енді бірі қонақүйдің жауапкершілігіне сын айтты.