«Кешіре білсең, бәрі орнына келеді»: Гүлзира Айдарбекова көпшілікті жазбасымен ойландырып қойды

Qaz365.kz редакциясы

Продюсер әйел адам әрқашан ер азаматынан бір саты төмен тұруы қажет екенін айтты. 

instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасындағы ер мен әйелдің қарым-қатынасына қатысты әсерлі жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өнер иесі жолдасы Нұртас Айдарбековпен бірге қысқаметражды бейне түсіріп, оны оқырмандарына ұсынған. Продюсердің айтуынша, видео жас отбасыларға үлгі болсын деген ниетпен түсірілген.

«Бұл – біздің шағын ғана рилс. Нұрекеңнің «Өкінген емеспін» әніне байланысты түсірдік. Тойға бара жатқан жолда ой келіп, небәрі екі минутта бітірдік. Шын мәнінде, өмірде де осындаймын: ұзақ ашуланып жүре алмаймын. Кейде сөйлеспей көрейін десем де, «бес күндік өмірде ит пен мысықтай күн кешудің қажеті жоқ» деп ойлаймын. Ашулансаң да, кешіре білсең, бәрі орнына келеді. Өйткені ашу кейде өмір бойы өкіндіретін жағдайға әкелуі мүмкін, – деді Айдарбекова.

Сондай-ақ продюсер әйел адам әрқашан ер азаматынан бір саты төмен тұруы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген халық даналығы бекер емес.

Қарасаң, қаншама шаңырақ болмашы дүниенің кесірінен шайқалып жатыр. Көкірек пен менмендіктің салдарынан отбасылар ажырасады. Соның зардабын, ең алдымен, балалар тартады. Мейірімге тоймаған балалардың тағдыры жүректі ауыртады. Ал соғыстан көз ашпаған елдерді көргенде тәубеме келемін, – деп түйіндеді Гүлзира Айдарбекова.