«Көзіміздің нұры»: Фариза Төреәлі алғаш рет қызының түрін көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Көпшілік бүлдіршіннің әкесі Дарханнан аумайтынын жазып жатыр.

instagram.com/farizatoreali

Қазақстандық блогер әрі кәсіпкер Фариза Төреәлі жалғыз қызының жүзін алғаш рет көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әнші Төреғали Төреәлінің 24 жастағы қарындасы бұл видеоны 2025 жылдың 11 қыркүйегінде өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Алланың бізге берген ең қымбат сыйы – көзіміздің нұры, жанымыздың қуанышы – қызымыз Дара. Сен дүниеге келген сәтте өміріміздің жаңа парағы ашылды. Сенің кішкентай алақаныңды ұстаған сәттен бастап, әкең екеумізді үлкен жауапкершілік сезімі биледі – «қызымызға тек сөзбен емес, іспен де үлгі болуымыз керек», – деп жазды Фариза бейнероликтің астына.

Алғашқылардың бірі болып жазбаға Фаризаның жары Дархан Нұртаев, әпкесі Дина және әкесі Төреәлі пікір қалдырды. Желі қолданушылары да жылы лебіздерімен бөлісті.

Көпшілік бүлдіршіннің әкесі Дарханнан аумайтынын жазып жатыр.