«Он күн орнымнан тұра алмадым»: Баян Алагөзова қатты сырқаттанып қалғанын айтты

Qaz365.kz редакциясы

Продюсер коронавирус жұқтырып алған. 

Instagram/bayanmaxatkyzy

Белгілі продюсер Баян Алагөзова соңғы уақытта әлеуметтік желіде көрінбей кетуінің себебін түсіндірді, деп жазады Qaz365.kz.

Оның айтуынша, шетелден демалыстан оралған соң өзін жайсыз сезініп, коронавирус жұқтырып алған. Алагөзова он күн бойы төсек тартып жатып қалғанын жеткізді.

Достар, біраз уақыт бойы эфирден көрінбей кеттім. Сағынғандарыңызды білемін. Өкінішке қарай, коронавируспен ауырдым. Он күн орнымнан тұра алмадым. Абай болыңыздар, вирус әлі де бар. Шынымды айтсам, бірінші рет дәл осылай қатты сырқаттанғандым. Белгісіз бір түріне ұқсайды. Өте қиын өтті. Бәріміз ауырдық. Түркияда емделуге де тура келді. Әлі де әлсіздік бар, – деді продюсер.

Сонымен қатар ол бұдан былай түсірілімдерге қайта оралғанын, жұмыстың қауырт екенін айтты.