Қайрат Нұртас Алматыда үлкен жеке концертін өткізеді

Qaz365.kz редакциясы

Өнер иесі араға 10 жыл салып сахнаға оралмақ. 

Instagram.com / kair_n

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 31 қазан күні Алматының Орталық стадионында ауқымды жеке концерт беретінін хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Әнші бұл жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Араға он жыл салып, үлкен алаңда қайта қауышқалы тұрмыз. Шамамен жиырма жыл бойы өнер жолымдағы қуанышымды да, қиындығымды да бірге бөлісіп, әрдайым қолдау білдіріп келе жатқан барша тыңдарманыма алғысым шексіз!

Кездескенше, қадірлі көрермен!
Мен сені күтемін, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары сүйікті әншісінің бұл хабарламасын қуанышпен қабылдап, жылы лебіздерін білдірді.