Қайрат Нұртастың інісі мен келіні гендер-пати ұйымдастырды

Qaz365.kz редакциясы

Жұптың қуанышында шек болмады. 

іnstagram.com/zangaar

Әйгілі әнші Қайрат Нұртастың туған інісі Заңғар мен оның жұбайы Индира ерекше гендер-пати ұйымдастырып, болашақ сәбиінің жынысын жария етті. Олар әсерлі сәтті әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жарияланған бейнероликтің басында жұп бір-бірінің көзін байлап, қара-ақ түсте беттерін бояумен сырлайды. Артынша видео түрлі түске ауысады да, көрермен көк түсті бояуды байқайды - демек отбасында ұл бала дүниеге келеді.

Біздің кішкентай бақытымыз. Біз сені өте жақсы көреміз және асыға күтеміз, - деп жазды ерлі-зайыптылар бейнеролик астына.

Олардың қуанышына желідегі оқырмандар да ортақтасып, жүрекжарды тілектерін арнады:

«Алла тағала аман-есен дені сау сәби сүюді нәсіп етсін»,
«Құтты болсын! Әлемге тағы бір батыр келмек»,
«Ұл болады деп айтқан едім ғой!»
«Неткен шынайы эмоциялар!»

Айта кетейік, тамыз айының соңында Заңғар мен Индира сәби күтіп жүргенін айтқан еді.

Біздің бақытты шаңырағымызға тағы бір жүрек соғысы қосылмақ. Шүкір, кішкентай ғажайыбымыз жолда келе жатыр, - деп жазған еді ерлі-зайыптылар.