Қайрат Нұртас тыңдарманын құпия қонақпен қызықтырды

Qaz365.kz редакциясы

Желі қолданушылары бірден болжам жасай бастады.

.instagram.com/kair_n

Қазақстанның сүйікті әншісі Қайрат Нұртас тағы да көпшілікті елең еткізді. 23 қыркүйекте ол Instagram желісінде бейнеролик жариялап, алдағы концертіне шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Роликте Қайрат сахнада бірге өнер көрсететін алғашқы қонақтардың есімін атады. Бұл – көптің көңілінен шыққан «Ирина Кайратовна» тобы мен Ninety One. Ал үшінші қонақтың кім екенін құпия қалдырып, тек «Н…?» деп белгісіз әріп қалдырған.

Кездескенше, тыңдарманым! – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бірден болжам жасай бастады: «Бұл Нюша болуы мүмкін», «Жоқ, Назима шығар», – десті олар. Алайда Қайрат бұған жауап берген жоқ.

Сөйте тұра жанкүйерлердің пікірлері ерекше ықыласқа толы:

«Міндетті түрде барамын!»

«Қайрош, сәттілік тілеймін».

«Нағыз харизма иесі!»

«Бұл – біз ұзақ күткен концерт».

«Тарихи сәт болатын шығар».

«Мүмкін, ХХІ ғасырда мұндай концерт қайталанбас».

«Тойға да баратын, стадион да жинайтын жалғыз әртіс осы ғой».

Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас 17 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда жеке концерті өтетінін жариялаған. Ұзақ үзілістен кейін ол алғаш рет үлкен сахнаға оралмақ. Шоу 31 қазан күні өтеді.

Желі қолданушыларының айтуынша, бұл кеш қазақ эстрадасы тарихында өшпес із қалдыратын ерекше оқиға болмақ.