Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерді

Qaz365.kz редакциясы
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Белгілі актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді. Ол бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, неке қию сәтінен сурет жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен үйлендім. Әлхамдулиллаһ», – деп жазды актер жазбасында.

Желі қолданушылары өнер иесін жарыса құттықтап, игі тілектерін жаудырды. Қуанышына ортақ болғандардың қатарында оның бұрынғы жары, актриса Ақбота Сейтмағамбет те бар. Ол:
«Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!» – деп пікір қалдырды.

Еске сала кетейік:

  • Бұл – Айдарқұловтың үшінші некесі.

  • Алғашқы отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар.

  • Ол Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан болатын.

Айта кетейік, актер бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде болашақ жарын хадиске сай таңдайтынын, яғни сұлулығына, тегіне, жағдайына және ең бастысы – иманына назар аударатынын айтқан еді. Сондай-ақ, мүмкін болса, үшінші жары хиджабтағы ару болса екен деген тілегін жеткізген болатын.