Ол маңызды кездесуде клуб сапында ойнауы мүмкін екенін айтты.
Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет Қордабай бала күніндегі футболға қатысты естелігін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Сәкен Майғазиев ұлының кезінде «Қайрат» құрамында өнер көрсеткенін алға тартып, әзіл-шыны аралас пікір білдірді:
Негізі ұлым бүгін «Реалға» қарсы ойнап жүретін жігіт еді. Бірақ қаржыгер болуды қалады. Ал біз «Қайратқа» жеңіс тілейік, достар, – деп жазды ол.
Әділет те әкесінің сөзін қуаттап, футболдағы алғашқы қадамдары туралы ой бөлісті:
Мектепте жүргенде командамызда ойнадым. Бірақ менің уақытымда кәсіби футболда орыс тілін жетік білмесең, жолың кесілетін. Сол себепті көңілім қалып, футболды тастап кеттім. Дегенмен бәлкім, бұл сылтау ғана шығар, – деді ол.