Айгүл Иманбаеваның отбасында қуанышты жаңалық болды

Qaz365.kz редакциясы

Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.

instagram.com/aigul_imanbayeva

48 жастағы қазақстандық актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті – ол екінші рет әже атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қуанышты жаңалық, достар! Қос немеренің әжесі болдым! Айсұлу – Айсұлтан! - деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram Stories-інде.

Ол сондай-ақ перзентханадан жаңа туған немересімен түскен алғашқы суретін де көрсетті. Кадрда актриса немересін қолына алып, жылы жымиып тұр.

Жаратқанға мың алғыс. Айсұлтан Асылжанұлы, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева былтыр тұрмысқа шыққан болатын. Оның жары он жылдан астам уақыт АҚШ-та өмір сүрген, екеуі сол жақта танысқан.

Енді мен – найманның келінімін, - деген еді актриса күліп.