Сәби 13 қазан күні дүниеге келген.
Белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың отбасында үлкен қуаныш – оның інісі Заңғар әке атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Заңғар Нұртас бүгін, 2025 жылдың 16 қазанында, жұбайы Индирамен және жаңа туған сәбиімен түскен суреттерін жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті.
Қош келдің, ұлым Әміре, – деп жазды ол жазбасында.
Сәби 13 қазан күні дүниеге келген.
Айта кетейік, Заңғар мен Индира 23 қыркүйекте өткен гендер-пати шарасында болашақ балаларының ұл екенін көпшілікке жариялаған болатын.
Еске сала кетейік, Заңғар Нұртас пен Индира Мауленова 2023 жылдың күзінде шаңырақ көтерген еді.