Айжан Байзақова ата-енесі өзін қалай қабылдағанын ашық айтты

Qaz365.kz редакциясы

Ол қандай келін екенін де тілге тиек етті. 

instagram.com/bayzakova

Блогер әрі актриса Айжан Байзақова ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Желі қолданушыларының бірі:

Енеңіз бастапқыда ұлының сізбен кездесуіне қарсы болған жоқ па? Қазір мен сондай жағдайдамын, - деп жазған.

Айжан бұл сұраққа былай деп жауап берді:

Олар алғашында таңғалды. Бірақ баласын шын сүйетін ата-ана оның таңдауына қарсы шықпайды. Оның үстіне Нұрбек кішкентай бала емес, саналы ер азамат. Өзімді жақсы білемін, сондықтан қатты уайымдаған жоқпын. Нұрбектің нағыз ер азаматқа тән мінез көрсететінін білдім, – деді ол.

Байзақованың айтуынша, ер адамның ата-анасы туралы жаман айтуға, олармен жанжалдасуға немесе ренжісуге болмайды.

Егер ол сені шын жақсы көрсе, ата-анасы да оны сезіп, қабылдайды, – дейді блогер.

Айжан күйеуінің үнемі өзін мақтап жүретінін де жасырмады:

Ол үнемі мен туралы «ең мейірімді, ең әдемі, ең мықты әйел» деп айтады. Кейде ұялып кетемін, – деп күлді ол.

Ал «Қандай келінсіз?» деген сұраққа Байзакова былай деп жауап берді:

Мінсіз емеспін, бірақ бәрін шын көңілмен істеймін. Шын сүйемін, артық нәрсе талап етпеймін, қолымнан келгенше тырысамын. Күйеуімді ешқашан «мені не ата-анаңды таңда» деп қыспаққа алмаймын – әркімнің өз орны бар. Қысқасы, өз ережеммен, өз ұстанымыммен өмір сүремін. Барлығына түсіністікпен және сүйіспеншілікпен қараймын. Нұрбек мұны сезеді және үнемі «тағдырдың сыйысың» деп айтып отырады. Мен ұрыс-керіс пен интригаларды ұнатпаймын, – деп түйіндеді Айжан.