«Қай қазақ мені қорқытып жатқан?»: Мақпал Жүнісова хаттарды жариялады

Qaz365.kz редакциясы

Мақпал Жүнісова әпкесіне біреулер қорқытып хат жазғанын айтты

Коллаж: Qaz365.kz

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, дәстүрлі қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында әлдекімдердің қорқытып хат жазғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Әншінің айтуынша, біреулер оның Астанадағы әпкесіне «қарызды қайтарсын» деп хат жазған. Мақпал Жүнісова өзінің ешкімге қарыз емес екенін айтты. 

Әпкесіне келген хатта:

«Жүнісова М. Осы кісіге айтасыз ба? Төлемдерін жасасын. Үш жылдан қалған қарыздар бар. Қызына неше рет жазылды... Барлық нөмірді блоктап жатыр. Бүгін қарыздарын төлемесе, техниктер газды кеседі», — деп жазылған бейтаныс адамнан келген хатта. 

Мақпал Жүнісова:

«Бұл қай қазақ мені қорқытып жатқан? Астанадағы әпкеме хабарласыпты. Ешқашан қарыз болмаған адаммын», — деп жазды әнші.