Таразда жол үстінде бейнеролик түсірген Ернар Айдарға айыппұл салынды

Qaz365.kz редакциясы

Алайда айыппұлдың нақты мөлшері аталмады

Ашық дереккөздерден

Таразда танымал әнші Ернар Айдарға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қолданушылардың назарын аударған бейне пайда болды. Бейнекадрларда жол үстінде ер адамның өз көлігін, сондай-ақ оған орнатылған жаңа мемлекеттік нөмірді көрсетіп тұрғаны анық байқалады. Желі пайдаланушылары бейнероликтегі ер адамның әнші Ернар Айдар екенін жазбай таныды.

Әншінің әлеуметтік желілердегі ролигін көрген полицейлер оның жол жүру ережелерінің үш бірдей бабын бұзғанын анықтады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнеролик бойынша Жамбыл облысы полициясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында департамент қызметкерлері Таразда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісін анықтады. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзды. Бұл туралы бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланды. Полиция көліктің иесін анықтады. Азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген полицияның хабарламасында.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны, жол белгілері мен жүру бөлігін белгілеу талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ жолдың белгіленбеген жерден өткені үшін жүргізушіге айыппұл салынды. Алайда айыппұлдың нақты мөлшері аталмады.

Полиция сонымен қатар жол қауіпсіздігі жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының жеке жауапкершілігінен басталатынын еске салады.