Нәрестенің есімі әлі қойылмаған
Танымал әнші Төреғали Төрәлінің отбасында жетінші перзенті дүниеге келді. Қуанышты хабарды белгілі қазақстандық продюсер, режиссёр әрі импресарио Жан Мұқанов жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Сүйінші! Бүгін – 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші қыз бала. Киелі жетілік! Шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін! Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!” – деп жазды импрессарио әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ Жан Мұқанов нәрестенің есімі әлі қойылмағанын айтып, оқырмандарынан лайықты есім ұсынуды өтінді.
“Сәбидің есімі әлі қойылған жоқ. Құрметті ағайын, қандай есім лайық деп ойлайсыздар? Пікірге ұсыныстарыңызды жазыңыздар – бәлкім, дәл сіз ұсынған ат бұйырар”, – деді ол.