Гүлзира Айдарбекова жаңа құдағиына білезік тағып, үстіне қымбат тон кигізді

Qaz365.kz редакциясы

Қайрат Нұртас көңілді кешті одан бетер қыздыра түсті

Видеодан скриншоттар

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құдағиына туған күнінде бағалы сыйлық берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол кенже ұлы Заңғардың қайын жұртын қонаққа шақырған. Сосын дастарқан басында құда мен құдағиына құрмет көрсетті. Көңілді кештің видеосын Айдарбекова Instagram парақшасында жариялады.

Гүлзира Айдарбекова құдағиының қолына білезік тағып, үстіне қымбат тон кигізді. 

Жұлдызды жанұя дастарқан басында әңгімелесіп, түрлі ән шырқап отырды. Қонақтардан кейін келген Қайрат Нұртас көңілді кешті одан бетер қыздыра түсті. 

Айта кетейік, былтыр осы ұлы Заңғардың бірінші әйелі Жібектің анасына да 3,5 миллионға қымбат қаракүзен тон кигізгені бар.