«Елдің бәрі сендер сияқты ақшаны күреп тауып жатқан жоқ». Қыдырудан қолы тимей жүрген Гүлзира Айдарбекова сынға ұшырады

Qaz365.kz редакциясы

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді

Фото: әлеуметтік желіден

Жақында Вьетнам еліне саяхаттап келген Қайрат Нұртастың анасы продюсер Гүлзира Айдарбекова енді тағы да шетелге демалуға кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ескі жылдың соңы Германия, Түркия, Американың бірнеше еліне сахатымызбен тәмамдап едік. Ал енді жаңа жыл басталысымен Вьетнамда демалу бұйырса, 20 күнге жетпей міне, бүгін ойламаған жерден Кипрға ұшып барамыз. Былтырдан бері тек шетелде демалуымның себебі, «солай өтсінші» деп тілеп, жазып қойып едім. Шынында шын ниетпен Алладан сұрасаңыз армандар орындалып жатады», – деп жазды продюсер.

Бірақ желіде өз пікірлерін білдіріп жатқандарға оның бұл әрекетін мақтаншаққа балағандар көп.

«Сіздер қыдырмағанда енді кімдер қыдыра алады. Жұрт жейтін нанын зорға тауып отыр. Біреу тоңып секірер,біреу тойып секірер деген осы шығар. Тәубаға келейік», «Елдің бәрі сендер сияқты ақшаны күреп тауып жатқан жоқ», «Көп мақтанып кетеді»«Қыдырса еңбектері бар», «Кедей болу адамның өзіне байланысты», «Керемет демалыс тілеймін!», «Әркім өзі үшін өмір сүреді, өзі үшін еңбек етеді, соған орай несібесін жейді», – деген пікірлер бар.