Мадина Сәдуақасова Дубайдан көйлек алу үшін көлігін сатты

Qaz365.kz редакциясы

Көйлек алу үшін көлігін сатқан адамды көрдіңіздер ме

Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова Дубайда бір көйлекті ұнатып, сол үшін көлігін сатқан. Бұл туралы ол «Жарқын жүздесу» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көйлек алу үшін көлігін сатқан адамды көрдіңіздер ме? Сол адам – менмін. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір көйлекті қатты ұнаттым. Мүмкін 2005 жыл шығар. Сол сәтте қаржы болмады. Сөйтіп, өзімдегі Mercedes маркалы көлігімді саттым. Көлігімді бір жігіт сатып алғысы келіп жүрген. Соған хабарласып, «Көлігімді аласың ба? Онда ақшаны әкеліп бер» дедім. Ақшаны Дубайда құрбыларыма аударып, көйлекті алдырттым. Ұшақпен жіберді», – деді Мадина Сәдуақасова.