Ол ұлдары Аян мен Заңғардың әйелдеріне көңілі толатынын жеткізді
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы және кіші келіні оны жиі іздейтінін және сағынып жүргенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол ұлдары Аян мен Заңғардың әйелдеріне көңілі толатынын жеткізді.
«Негізі Нұртас балалары мен келіндері, немерелерімен күнде хабарласып отырады. Мен жұмысым болмаса, мүлде хабарласа бермеймін. Бірақ келіндерім соңғы уақытта "Мама, қалайсыз? Сізде бәрі жақсы ма?" деп көп жазып жүр. Сағынып жүргендерін жүрегім сезеді. Іздеп тұрғандары жүрегімді елжіретіп жібереді. Келін жақсы болса, балаларың да жақсы ғой. Анашым "Балам жаман болса да, келінім адал болсын" деуші еді". Өте орынды айтылған сөз екен. Келіндерімнің жүзі жарқын болсыншы. Менің шаңырағымның шамшырақтары, әппақ гүлдері солмасын», – деп жазды продюсер Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның айтуынша, келінмен түсінісіп, бір шаңырақтың астында өмір сүру үшін уақыт керек.
Бұған дейін продюсердің елге келгеніне 20 күн өтпей жатып тағы да шетелге демалысқа кеткенін жазғанбыз.