«Жақында той болады»: Қалыңдық көйлегін киген Мадина Сәдуақасова сүйінші сұрады

Qaz365.kz редакциясы

Әнші биыл 45 жасқа толады

Фото: ашық дереккөзден

Танымал эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова той көйлегін киіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның бұл әрекеті көпшілікті ойландырып қойды.

«Жақында той болады», – деп жазды әнші.

Әлеуметтік желі оқырмандары өнер иесінің суретін қызу талқылады. Биыл 45 жасқа толатын әншінің бұл әрекетін түсінбей жатқандар да бар.

«Той тойға ұлассын», «Бақытты бол», «Сырдың сұлуы», «Мадина, қартайып қалыпсың», «Қандай қылықты, әдемі, жағымды жан», «Боянбасаңыз да сұлу екенсіз», «Дұрыс, халықтың алдында жүрген соң, неше түрлі образ керек», «Ұят ештеңесі де жоқ», «Не істесең де саған жарасады, Мадикош», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.