«Өліп қала жаздадық»: Дариға Бадықова Атыраудағы тойға неліктен оққағармен барғанын түсіндірді

Qaz365.kz редакциясы

Ол еліміздегі өнер иелерінің күзетпен жүргеніне қуану керек деп есептейді

Скриншот

Соңғы жылдары танымалдығы артқан актриса Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаймен Атыраудағы тойлардың біріне оққағармен барғаны желіде сынға ұшыраған. Өнер иесі "Aq pen Qara" подкастында осыған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Шыны керек, біз толдық, енді тек күзетпен жүреміз демедік. Корпоративке шақырған. Ақша қажет болған соң, бардық. Мейрамхана иесі өзі күзетші қосып берді. Өйткені, халық жылына бір рет көңіл көтереді. Емін-еркін қысылмай тойласын деп ойлаған болар. Әртүрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Оны екі түрлі бағытта шығарған. Кейбіреулер «Батыс жабайы» деп ойлап, күзетпен барған деп жазған. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы көтерді. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ, батыс өңірінің халқы жанашыр», – дейді Дариға Бадықова.

Ол еліміздегі өнер иелерінің күзетпен жүргеніне қуану керек деп есептейді.

«Қайта біздің елдің актерлары күзетпен жүргеніне қуану керек. Голливудта күзетпен жүреді екен деп таңдандық қой. Бізде неге қуанбайды? Неге өзіміздің болып жатқан нәрсемізге қуанбаймыз? Қазақ спорт пен өнерден басқа несін дәлелдейді?» – дейді актриса.