Жұрттың пікірінен қорытынды шығармаған Бадықова жаңа фильм түсіріп жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Көктемде жаңа фильмі шықпақ

Фото: Instagram/dariga_badykova

Былтыр продюсер ретінде дебютін бастап,  кассалық табыс тұрғысынан рекорд жаңартқан актриса Дариға Бадықова көктемде тағы бір фильмді жарық шығармақшы. Қазіргі кезде түсірілім алаңында жүрген ол жаңа туындысына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көрермендер тарапынан осы сұрақтың жиі қойылатынын білемін.  Екеуі екі бөлек кино. «Таптым-ау сені» фильмінің екіншісі түсіріледі. Ал мынау «Тастаймын-ау сені» деп аталады. Мұның қамтитын ауқымы, тақырыбы мүлдем басқа. Адами қатынастар, отбасылық өмір, жалпы әр адамның маңдайына жазылған тағдыры болады ғой, сол мәселелерді қамтыдық. Бұл фильм мамыр айында прокатқа шығады», - дейді Дариға Бадықова.

Желіде пікір жазып жатқандар арасында көңілі толмайтындар көп. Кейбіреулердің продюсердің алғашқы туындысынан көңілі қалған.

«Таптым-ау сені» түкте қызық болған жоқ», «Тағы ұрысқақ болып ойнайсыз ба?!», «Күлкісі қайда? Жерге түскен-ау», «Алла қолдасын, сәттілік тілеймін», «Берекелі жоба болсын!», «Тағы ұрысқақ болып ойнайсыз ба?!», «Орыстың арақ ішетін әйелдері сияқты», «Тастаймын-ау сені» деген ән шыға ма?», «Қасында неге күзетші жоқ?», «Өзінше болып кеткен секілді», «Болмайтын атауларды қоя береді екен» деген пікірлер бар.

Айта кетейік, былтыр Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» романтикалық комедиясы 1 миллиард 850 миллион теңге касса жинаған болатын.