«Менімен ойнапсыңдар»: Интим хат жазған Еспановтың ұлы полицияға арыз түсірді

Qaz365.kz редакциясы

Ол арыз жазатынын мәлім етті

Скриншот

Желіде әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов қыздарға интим хат жазғаны үшін Сүлеймен Демирел университетінен жұмыстан шыққаны туралы ақпарат тараған. Әншінің ұлы осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көп жаңалықтарда SDU мекемесін белгілеп жазып жатыр екен. Бірақ мен осы ақпарат Tik-tok желісінде тараған бетте өзім барып, жұмыстан шығуға арыз жазып кеткенмін. Бұл менің жеке өзіме қатысты жағдай, сондықтан сол үшін бұрынғы жұмысымды белгілеудің қажеті жоқ. Университетті араластырмаңыздар», – дейді Олжас Еспанов.

Ол сонымен қатар кеше кешкісін Ішкі істер басқармасына барып, арыз жазатынын мәлім етті. Өзінің абыройын қорғамақшы.

«Бәріңіз жазып болдыңыздар ма? Енді менің кезегім. Қызық енді басталады. Tik-tok-та Александра, өмірде Айсұлу болатын жандар, ақпараттық порталдар, бәріне заң алдында жауап бересіңдер. Маған жала жабуды көрсетемін. Менімен ойнапсыңдар», – дейді әншінің ұлы.

Бұған дейін университет Олжас Еспановтың жұмыстан шығарылғанын мәлім еткен.