«Кино түсірмеймін, бәрін тастаймын»: актер Жахан Отарғалиев мәлімдеме жасады

Qaz365.kz редакциясы

Жахан Отарғалиев тосын мәлімдеме жасады

Видеодан скриншот

Әзілкеш, соңғы жылдары басты рөлде өзі ойнайтын кинолар түсіріп жүрген Жахан Отарғалиев желіде тосын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2021 жылы мені сындырды, 2022 жыл мені өзгертті, ал 2023 жыл менің көзімді ашты. Енді 2024 жылы қайтып ораламын. Сегіз айдан бері өзімді жоғалттым. Алдағы уақытта қайта оралуым керек. Күйзеліске түбіне дейін кірдім. Бір апта бұрын өнерді қоямын, кино түсірмеймін, сахнаға шықпаймын, бәрін тастаймын, басқа өмір сүремін, Оралға барамын деген шешім қабылдап, заттарымды жинай бастадым», – дейді актер.

Оның бұл күйзелістен шығуына анасы көмектескен. Ал кейіннен досы қызық идея айтқан. 

«Мен туралы кім не демеді, кейбір сөздерді естігенде қоя салайыншы, мен жоқ болып кетсем қоятын шығар деген ой да келді, бірақ біреу айтты екен деп өмір сүру мүмкін емес, бұл өмірде ешкімге жақпайсың», – дейді Жахан Отарғалиев.  

Айта кетейік, осыдан шамалы уақыт бұрын көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш айырылысып кеткен болатын.