Украин орындаушысы көпшіліктің ықыласына бөленді
Жақында 35 жасқа толған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас айтатын әндер Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де хитке айналып жатыр. Бұл жолы «Сені сүйем» әні Одесса жағасында танымал болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осы әнді кавер орындаушы Sergiy184 украин тілінде айтып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Өнер иесінің туындысын Сергій Заболотний украин тіліне аударған.
Тіпті, майдан даласында да орындап, желіде танымал болып жатқандар бар.
«Мына ән Украинада хит болыпты», «Жарайсыздар, аман болыңыздар!», «Маған қазақша нұсқасы қаттырақ ұнады», «Қайрат Нұртас жүрекпен орындайды, басқа ешкім олай айта алмайды», «Украина жігітінің дауысы осы әнге қатты келеді, әрбір орындаушы өзінше керемет», «Украин тілінде шедевр шығыпты», «Украина жасасын, батыр бауырлар!» – деген секілді пікірлер көп.